15 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №408

403 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 28 сәуір, Астана қаласы Импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 255-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 276-15-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1, 2, және 3-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика ___________________Б. Сұлтанов министрі ___________________Қ. Бишімбаев 2016 жылғы 13 мамыр 2016 жылғы 19 мамыр Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі №408 бұйрығымен бекітілген Импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесі № Атауы ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары* 1 Тамаққа пайдалануға арналған өнімдер өндірісінен басқа, зығыр майлары және оның техникалық немесе өнеркәсіптік қолдануға арналған өзге де фракциялары 1515191000 2 Хлорит 2530100000 3 Кизерит, эпсомит (табиғи магний сульфаттары) 2530200000 4 Тақта тасты битумдар 2713909000 5 Асыл (инертті) газдар (аргоннан басқа) 280429 6 Бейорганикалық қышқылдар, фторсутекті (плавикті) қышқылдан басқа 281119 7 Бор оксидтері; бор қышқылдары 281000 8 Механикалық қоспалардан басқа, жасанды корунд 281810 9 Иодидтер және иодоксидтер 2827600000 10 Бромидтер 2827510000 11 Бромоксидтер 2827590000 12 Фторидтер; фторсиликаттар, фторалюминаттар және фтордың өзге де кешенді тұздары 2826 13 Өзге де жай эпоксидтер, эпоксиспирттер, эпоксифенолдар, эпоксиэфирлер және олардың галогенделген, сульфитталған, нитрленген немесе нитрозаланған туындылары 2910 14 Оттекті функционалдық топты қамтитын аминқосылыстары, лизин және глютамин қышқылынан басқа 2922 15 Үшэтаноламин және оның тұздары 2922139000 16 Жасанды графит; (коллоидты немесе жартылай коллоидты графит; графит негізіндегі өнімдер) 3801100000 17 Микроағзаларды өсіруге арналған өсінді орталар 3821000000 18 Бастапқы пішіндегі өзге де аминді-альдегидті шойырлар 3909300000 19 Құрылыста немесе өнеркәсіпте пайдаланылатын көлік құралдарына және машиналарға арналған және отырғызатын диаметрі 61 сантиметрден асатын, «шырша» проектор суреті немесе проектордың ұқсас суреттері бар өзге шиналар 4011630000 20 Ауыл шаруашылығы немесе орман шауашылығы көлік құралдарына және машиналарға ар­нал­ған «шырша» проектор суреті бар немесе проектордың ұқсас суреттерімен өзге шиналар 4011920000 21 Құрылыста немесе өнеркәсіпте пайдаланылатын көлік құралдарына және машиналарға арналған және отырғызатын диаметрі 61 сантиметрден аспайтын «шырша» проектор суреті бар немесе проектордың ұқсас суреттерімен өзге шиналар 4011930000 22 Қаптық, бекітпе немесе кеңірдектелген, бедерленген немесе бедерленбеген, тесілген немесе тесілмеген крафт-қағаз, орамдарда немесе парақтарда 480840000 23 1 шаршы метр салмағы 150 граммнан аспайтын өзге де борланбаған қатырма қағаз 4805910000 24 Жабынды қатырма қағазға арналған қағаз және қатырма қағаз-негіз 4805500000 25 Бекітпе, кеңірдектелген немесе бедерленген крафт-қағаз (қаптан басқа) 4808400009 26 Қапталған, сіңдірілген немесе полимерлі материалдармен ламинатталған (желімдерді қоспағанда) ақталған қағаз және қатырма қағаз, 1 шаршы метр салмағы 150 граммнан артық қағаз және қатырма қағаз, орамдарда немесе парақтарда 481151000 27 Бөлшек сауда үшін бөлек оралмаған, тарақпен түтілмеген талшықтардан жасалған мақта-маталы иірімжіптер 5205 28 Үстіңгі бетінің тығыздығы 200 грамм/шаршы метр артық, түрлі-түсті иірімжіптерден жасалған (деним маталарынан басқа), техникалық және өнеркәсіптік пайдалануға арналған мақта-маталы маталар 5209490000 29 Өңделген, бірақ иірілмеген джут және өзге де тоқыма талшықтары, зығыр, кәдімгі кендір және рамиден басқа 5303900000 30 Джут немесе өзге де қабықты тоқыма талшықтарынан жасалған иірімжіптер, өзге де өсімдік тоқыма талшықтарынан жасалған иірімжіптер және қағаз иірімжіптер 5307200000 31 Бөлшек сауда үшін оралмаған, полиэфирлерден жасалған өте мықты филаментті жіптер 5402200009 32 Арамидтерден жасалған синтетикалық жіптер жгуты 5501100001 33 Кардомен, тарақпен түтілмеген немесе иіруге басқаша дайындалмаған синтетикалық талшықтар, өзгелері 5503900000 34 Бөлшек сауда үшін бөлек оралмаған, жасанды талшықтардан жасалған иірімжіптер (тігін жіптерінен басқа) 5510 35 Тежеуіштерге, муфталарға және ұқсас бұйымдарға арналған құрастырылмаған күйдегі фрикциялық материалдар 6813 36 Шыны талшығынан жасалған таспалар, түзеткіш, иірімжіптер және шабылған тұлымдар 701919 37 Масса немесе қауыз түрінде, тоқыма емес талшықтардан жасалған бұйымдар 7019390001 38 Шыны талшықтарынан жасалған маталар (енсіз маталарды қоса) 7019590000 39 Шыны талшығынан жасалған құбырларды оқшаулауға арналған аратөсемдер мен орамдар 7019903000 40 Шартәрізді графиттың қосындылары бар құймаларға арналмаған, құрамында Mn (марганец) 0,1% кем, фосфоры аз легірленбеген құйма шойын 7201109000 41 Феррованадий 7202920000 42 Феррониобий 7202930000 43 Ені 600 миллиметрден кем алюминий мырышталған илек 721250 44 Ені 600 миллиметрден асатын алюминий мырышталған илек 721061 45 Легірленбеген болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем ыстықтай илектеліп одан әрі өңделмеген жазық илек 7211190000 46 Құрамында салмағы бойынша көміртегі 0,6% артық легірленбеген болаттан жасалған, суық күйінде әрленіп өңдеуге ұшыраған сортты және жолақты илек 721123 47 Құрамында салмағы бойынша көміртегі 0,25% кем легірленбеген болаттан жасалған, суық күйінде әрленіп өңдеуге ұшыраған жолақты илек 7210 48 Құрамында салмағы бойынша көміртегі 0,6% кем емес легірленбеген болаттан жасалған, қалайыланған сым 7217309000 49 Тоттанбайтын болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем емес суықтай илектеліп одан әрі өңделмеген жазық илек 7219 50 Тоттанбайтын болаттан жасалған, суықтай илектелген, ені 600 миллиметрден кем, жабылмаған жазық илек 7220908009 51 Тоттанбайтын болаттан жасалған, орамада бос оралған ыстықтай илектелген өзектер мен шыбықтар 722100 52 Кремнийлі электр болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем емес жазық илек 722519 53 Өзге де легірленген болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем емес ыстықтай илектеліп одан әрі өңделмеген жазық илек 722550 54 Кремнийлі электр болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем жазық илек 722619 55 Өзге де легірленген болаттан жасалған, штампталған, ыстықтай илектелген, ыстықтай созылған, ыстықтай сығымдалған, бірақ одан әрі өңделмеген (илектен соң ширатылғанды қоса), басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де өзектер мен шыбықтар 722810 56 Бұрғылау жұмыстарына арналған іші қуыс өзектер 7228800000 57 Болаттан жасалған дәнекерлеу профильдері және шпунтты конструкциялар 7301100000 58 Ауыр профильдер (ыстықтай илектелген швеллерлер, қоставрлар және биіктігі 80 миллиметрден кем емес кең сөрелі қоставрлар) 7216 59 Көміртекті болаттан жасалған қимасы дөңгелек суықтай созылған немесе суықтай илектелген құбырлар 730451 60 Легірленген болаттан жасалған, қимасы дөңгелек, суықтай созылған немесе суықтай илектелген, суық күйінде илектелген құбырлар 730451 61 Коррозияға төзімді жұқа қабырғалы жіксіз құбырлар 7304 62 Дәнекерленген, сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден артық, газ құбырларына арналған болат құбырлар 7305 63 Сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден аспайтын, мұнай немесе газ ұңғымаларын бұрғылау барысында қолданылатын болаттан жасалған дәнекерлейтін, дөңгелектеп кесетін сорғылы-сығымдауыш және қондыру құбырлары 7306 64 Ашық жікті немесе тойтарылған немесе осыған ұқсас тәсілмен біріктірілген, сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден аспайтын өзге де болат құбырлар мен түтіктер 7306 65 Құю құбырлары және құбырлар фитингтері 730711 66 Шыңдалған құйма шойыннан жасалған құбырлар және құбырлар фитингтері 730719 67 Алюминийден жасалған балкондардың, лоджиялардың марштардың және саты алаңдарының қоршаулары 761090 68 Қара металдардан жасалған, буындары дәнекерленген шынжырлар, кергішті жалпақ буынды шынжырлардан басқа 7315 69 Көлденең қимасының өлшемі 16 миллиметрден артық, қара металдардан жасалған, буындары дәнекерленген шынжырлар, кергішті жалпақ буынды шынжырлардан басқа 7315829000 70 Тоттанбайтын болаттан жасалған оймакілтекті және крест тәрізді оймакілтекті бұрамалар 7318155900 71 Тоттанбайтын болаттан жасалған алтықырлы басы бар бұрамалар 7318156900 72 Қара металдардан жасалған тойтармалар, жартылай қуыстыны қоса, жалпы пайдаланудағы түтікшелі немесе қосарланған тойтармалардан басқа 731823 73 Суық әдіспен өңделген, болаттан жасалған бұралу серіппелерін және бұралған серіппелерді қоса, болат шиыршықты серіппелер, қысумен және созумен жұмыс істейтін шиыршықты серіппелерден басқа 7320190 74 Болат сымнан жасалған имелі серіппелер 7320909008 75 Басқа топтамаларға енгізілмеген, мыстан жасалған бұйымдар 7419 76 Цементтелген мыс, ұнтақтардан басқа 7401000000 77 Мыс пен никель және мырыш (нейзильбера) негізіндегі мыс қорытпаларынан жасалған шыбықтар, өзектер және профильдер 7407211000 78 Мыс пен никель (купроникель) негізіндегі мыс қорытпаларынан жасалған шыбықтар, өзектер және профильдер 7407290000 79 Тазартылған мыстан жасалған, көлденең қимасының ең жоғарғы өлшемі 0,5 миллиметр­ден аспайтын сым, сыммен күшейтілген арқансым немесе арқаннан, көпжелілі сым мен кабельден басқа 7408199000 80 Негізі мыс қорытпаларынан жасалған, негізін есептемегенде, қалыңдығы 0,15 миллиметрден аспайтын жұқалтыр 7410220000 81 Мыс пен никель (купроникель) немесе мыс, никель мен мырыш (нейзильбер) негізіндегі қорытпалардан жасалған құбырлар мен түтіктер 7411220000 82 Басқа топтамаларға енгізілмеген, мыстан жасалған бұйымдар 7419999000 83 Құбырлар мен түтіктерге арналған мыс фитингтер (муфталар, иіндер, фланецтер, штуцерлер) 7412 84 Өңделмеген никель 7502 85 Никель ұнтақтары мен қабыршақтары, никель оксидтері агломераттарынан басқа 7504000009 86 Никель мен никель қорытпаларынан жасалған шыбықтар, өзектер мен профильдер 7505120009 87 Никель мен никель қорытпаларынан жасалған сымдар 7505220000 88 Никель қорытпаларынан жасалған тақталар, табақтар, жолақтар, лента, жұқалтыр, кесіліп-тартылған табақтан басқа 7506200009 89 Никельден жасалған құбырлар мен түтіктер 750711000 90 Легірленбеген алюминийден жасалған, қалыңдығы 0,2 миллиметрден артық, боялған, лакталған немесе пластикпен жабылған тақталар, табақтар, жолақтар мен ленталар 7606111000 91 Легірленбеген алюминийден жасалған, қалыңдығы 0,2 миллиметрден артық тақталар, табақтар, жолақтар мен ленталар 760611 92 Алюминий қорытпаларынан жасалған, қалыңдығы 0,2 миллиметрден артық тақталар, табақтар, жолақтар мен ленталар 760612 93 Қалыңдығы 0,2 миллиметрден аспайтын (негізді есептемегенде) одан әрі өңделмеген алюминий фольгасы 7607 94 Қалыңдығы 0,2 миллиметрден аспайтын (негізді есептемегенде) алюминий фольгасы 7607 95 Құбырлар мен түтіктерге арналған алюминий фитингтер (муфталар, иіндер, фланецтер) 7609000000 96 Өзге де өңделмеген қорғасын 7801999000 97 Бояулар мен бояғыштар, оқшауланған электр сымдары ретінде қолдануға арналған ұнтақтар мен қабыршақтардан басқа, қорғасын ұнтақтары мен қабыршақтары 7804200000 98 Қорғасыннан жасалған тақталар, табақтар, жолақтар, ленталар мен жұқалтыр 7804190000 99 Мырыш қорытпалары 7901200000 100 Мырыш ұнтақтары мен қабыршақтары 7903900000 101 Мырыш тақталар, табақтар, жолақтар, ленталар, жұқалтыр 7905000000 102 Қалайы шыбықтар, өзектер, профильдер мен сымдар 8003000000 103 Бағалы емес металдардан жасалған аспалы құлыптардың және өзге де құлыптардың бөліктері 8301600009 104 Ілгектер, сақиналар, шығыршықтар 8308100000 105 9405 тауарлық позициядағы бұйымдардан басқа, бағалы емес металдардан жасалған көрсеткіштері, атаулары, нөмірлері, әріптері, мекенжайы бар маңдайшалар және ұқсас маңдайшалар 8310000000 106 Қуаттылығы 100 киловаттан аспайтын қысыммен тұтанатын кемелік тартымды піспекті іштен жанатын қозғалтқыштар 8408103900 107 Іштен жанатын дизельді автомобильдік қозғалтқыштарға арналған бүрку жүйелері 8409 108 Турбореактивті және турбовинттік қозғалтқыштардың бөліктері 8411910008 109 Күш беретін гидравликалық сызықтық әсер ету қозғалтқыштары мен қондырғылары (цилиндрлер) 841221 110 Гидравликалық айналмалы қозғалтқыштар 841221 111 Өзге де көлемді роторлы сорғылар; гидравликалық күшті 841360 112 Қуаттылығы 0,4 киловаттан аспайтын тоңазытқыш жабдықтарына арналған сығымдағыштар 8414302009 113 Орталықтан тепкіш көлемді көп білікті сығымдағыштар 841480 114 Метал өңдеуге арналған арнайы мақсаттағы механикалық машиналар мен құралдар 8479810000 115 Құйма шойыннан жасалған өтпелі шұралар 8481 116 Қуаттылығы 375 киловаттан артық тұрақты токтың электр қозғалтқыштары мен генераторлары 8501200009 117 Басқа топтамаларға енгізілмеген, қуаттылығы 1 киловольт-амперден аспайтын өзге де трансформаторлар 8504312909 118 Өзге де электр аккумуляторлар 8507108009 119 Электр шамдар және өзге жарық беретін құрылғылар 8539100009 120 Мотоциклдерге немесе автокөлік құралдарына арналған шынытазалағыштар, мұз тұруға және булануға қарсы жабдықтар 851240 121 Мотоциклдерге немесе автокөлік құралдарына (велосипедтерден басқа) арналған дыбыстық сигнал беретін құрылғылар 851230100 122 Композициялық немесе пленкалы тұрақты көміртекті резисторлар 8533100000 123 Басқа топтамаларға енгізілмеген айнымалы резисторлар (реостаттар мен потенциометрлерді қоса алғанда) 853340 124 Айнымалы сымдық резисторлар 853339 125 72,5 киловольттан жоғары кернеуге автомат сөндіргіштер 8535290000 126 1000 Вольттан жоғары кернеуге балқығыш сақтандырғыштар 8535100000 127 1000 Вольттан аспайтын кернеуге өзге де автоматты сөндіргіштер 853620 128 Айырып-қосқыштар, өзгелері 853650 129 Шамдарға арналған өзге патрондар, штепсельдер, розеткалар 853669 130 Қуаты 100 Вольттан аспайтын өзге де қыздыру шамдары 8539299800 131 Көмір электродтары (электр пештеріне арналған электродтардан басқа) 8545909000 132 Электр оқшаулатқыштар 8546200000 133 Жүретін доңғалақтар және олардың бөліктері мен керек-жарақтары 8708709909 134 Тежегіштік өзге де жапсырмалар 8708309909 135 Кез келген материалдан жасалған призмалар, айналар және өзге де оптикалық элементтер 9001900000 136 Жазу құрылғысы жоқ электр шамаларды өлшеуге арналған аспаптар мен аппаратура 903033 137 Аспаптар, құралдар және машиналар өзгелер; электрондылар 9031803200 138 Автомобильдерге арналған орындықтар 940120000 * Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы: ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразяилық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 22 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13813 болып енгізілді.